"Шебер-класс" алаңы » Дінмұхамед Қонаев мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Шебер-класс" алаңы
27
январь
2023

"Шебер-класс" алаңы

2023 жылдың 27 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында тәрбие мен психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыруды басшылыққа ала отырып, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы мен сынып жетекшілеріне арналған аймақтық шебер-класс алаңы өткізілді.
Мақсаты:
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтер командасын анықтау, қолдау, мадақтау және тәжірибелерін тарату;
"Шебер-класс" алаңында 18 команда педагогтері тәжірибе бөлісіп, кәсіби құзыретті, шығармашылықпен жұмыс жасайтын белсенді педагогтер марапатталды.

Осы орайда мектебіміздің аудандық "Шебер класс" байқауында тәрбие мен психологиялық қызметтің бірлескен жұмыс сапасын арттыру мақсатында жеке тұлғаны тәрбиелеу, әлеуметтік қолдау мен саналы тәрбие беруде құнды білім, жаңашыл идея, мазмұндық ерекшеліктері бар шебер іс-тәжірибе таратқаны үшін Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп ІІ Дәрежелі дипломмен МАРАПАТТАЛДЫ.