Нүсіпқожаева Айгүл Нұрсапақызы » Дінмұхамед Қонаев мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Нүсіпқожаева Айгүл Нұрсапақызы
04
февраль
2022

Нүсіпқожаева Айгүл Нұрсапақызы

ӨМІРБАЯН
 Мен, Нүсіпқожаева Айгүл Нұрсапақызы, 1964 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданының Көктал селосында дүниеге келдім. Ана тілімді, орыс тілін білемін.
      1982 жылы Көктал селосындағы орыс орта мектебін бітіріп, сол жылы Талдықорған қаласындағы аяқ киім фабрикасына жұмысқа орналастым.
      1983 жылдың қыркүйек айынан 1984 жылдың мамыр айына дейін Көктал селосындағы спорт мектебінде секретарь-машинистка болып жұмыс істедім.
      1984 жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға қабылданып, 1989 жылы үздік бітіріп шықтым.
      1989 жылдың қыркүйек айынан бастап Панфилов ауданы Жамбыл атындағы орта мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып кірдім. 
      1990 жылдың қыркүйек айынан 1992 жылдың мамыр айларында Панфилов қаласындағы көмекші мектеп-интернатында мамандығым бойынша жұмыс істедім.
      1992 жылдың қыркүйек айынан 2006 жылдың қыркүйегіне дейін Жамбыл атындағы орта мектепте жұмыс істедім.
      2006 жылы 1 қыркүйегінде «Көктал орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде ауысып, осы кезден бастап жеке келісім шарт бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым. 2009 жылдың сәуір айының 13-нен бастап ауыстыру тәртібімен Жамбыл атындағы орта мектепке директорының міндетін атқарушы, сәуір айының 22-нен бастап директоры болып тағайындалдым.
     2010 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ауыстыру тәртібімен Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 33-бабының 1-тармағына сәйкес Панфилов ауданының «Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалып, осы кезге дейін осы лауазымдамын.
     Жолдасым, Қадырбаев Батырбек Рүстембайұлы 05.08.1964 жылы туылған, білімі жоғары, Көктал ауылының тұрғыны. Қазіргі уақытта «Көктал ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде әкім орынбасары болып қызмет атқарады.
Отбасымда 2 балам бар. 

Похожие публикации: