“Жас маманның бейімделуіндегі негізгі мәселелер”тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. » Дінмұхамед Қонаев мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жас маманның бейімделуіндегі негізгі мәселелер”тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
28
март
2024

“Жас маманның бейімделуіндегі негізгі мәселелер”тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Д.Конаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 28 наурыз күні директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары және бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жас ұстаздармен “Жас маманның бейімделуіндегі негізгі мәселелер”тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстел барысында мектеп психолгы Р.К.Халыков жас мамандармен «Кедергіні шешу» жаттығуы, жылдамдық пен мұқияттылыққа негізделген тренинг жұмыстары өткізілді.Жас мамандарымыздың ұстаздық еткен күнделікті өмірінде кездескен қиыншылықтар мен қызықты оқиғалары бойынша сұрақтар қойылып,әр жас маман өз пікірлерін білдірді.Сонымен қатар ситуациялық сұрақтардың жауабы жан-жақты қызу талқыға түсіп, бірнеше мысалдар келтірілді.
Жас мамандардың қарым-қатынастық мәдениеті «Адамдарға ұнаудың ережелері» тақырыбы аясында өрбіді. Табиғат әуенінің сүйемелдеуімен 2-3 минуттық «Релаксация» жасалынды.
Тәлімгер Бексейтова Кулаш Тұрсынғалиқызы мен жас мамандардың жетекшісі Тойбекова Жансая Ерғалиқызы өз тәжірбиелерімен бөлісіп,жас ұстаздарға өз пікірлерін білдірді.
Дөңгелек үстел соңында жас мамандар бүгінгі кездесуден алған әсерлері туралы айтып, кері байланыс жасады.

https://www.facebook.com/sh.koktal/videos/936644001290936