Химия, биология, география пән бірлестігінің 1 жарты жылдық есебі » Дінмұхамед Қонаев мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Химия, биология, география пән бірлестігінің 1 жарты жылдық есебі
05
январь
2023

Химия, биология, география пән бірлестігінің 1 жарты жылдық есебі

      "Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады" деп К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі таңда педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері - сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Жаңа форматты оқытудың тиімділігі тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруына көмектеседі.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 

     Негізгі орта білім деңгейінде биология, химия, география пәнін оқыту келесі мақсат пен міндетке жетуге бағытталған


Мақсаты:

Ø  Сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолданып оқушылардың білім деңгейін көтеру.


         Міндеттері:

  1. Пән мұғалімдері жалпы білім беру бағдарламалары, білім стандартына сай оқу процесін жүргізу; 
  2. Оқыту платформалары мен білім беру технологияларын пайдаланып, білім алушылардың сабақты жақсы игерулеріне жаағдай жасау;
  3. Аудандық, облыстық пән олимпиадаларына дайындық жұмысын жоспарлы   жүргізу, нәтижеге қол жеткізу;
  4. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің авторлық бағдарламалары,   жұмыстарын жарыққа шығару;
  5. Пәнге қабілеті жоғары білім алушылардың қызығушылық әрекеттерін ұйымдастыру; 
  6. Білім алушылардың білімін толықтыру;
  7. Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету;
  8. Өзара сабаққа қатысып, тәжірибе алмасу және әріптестерінің жұмысын жүйелі талдауға үйрену; 
  9. Мектеп жанындағы тәжірибелік үлескінің жұмысын жолға қою; 
  10. Мектеп ауласындағы географиялық алаңның жұмысын жалғастыру; 
  11. Мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау, ҰБТ – ға дайындық   жұмыстарын тиімді әдістермен жүргізу; 
  12. Пән мұғалімдерінің деңгейлік курстан өтуі; 
  13. Пән кабинеттерін қазіргі заман талабына сай жабдықтау, жүйелі жұмыс жүргізу. 
  14. Әдістемелік – ғылыми журналдар, басылымдарға жазылу, озық тәжірибелерді меңгеру, үнемі оқып – үйрену.


           Осы мақсат пен міндеттерді басшылыққа ала отырып пән бірлестік мұғалімдері  «Бәсекеге қабілетті көпбейінді оқытудың талаптарына сай жаңа технологиялар негізінде құзырлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру»   өзекті мәселесі бойынша жұмыс істейді.

БХГ пән бірлестігінің 1 жарты жылдық білім сапасының көрсеткіші


химия

биология

география

1 тоқсан

66%

69%

71%

2 тоқсан

66,6%

69%

67,6%

Салыстырмалы көрсеткіш

+ 0,6

0

- 3,4

Мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары ҚР Білім стандарты бойынша жасалған. Пән мұғалімдері үлгі сабақтарымен жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, интербелсенді тақталарды көрсеткіштер арқылы өткізді. Жылдық жоспар мен әдістемелік бірлестік отырыстарының жоспары жасалынып, отырыстар өз уақытында өткізіліп отырды. 

    БХГ пән бірлестігі жоспар бойынша әдістемелік отырыстар өткізіліп отырды. 

  


     Мектебіміздің әдістемелік жұмысы - жаңаша оқытудың жолдарын тауып және оны дамыту мен қалыптастырудың алғы шарттарын жүзеге асыру мақсатында  жұмыстың үлгісі мен әдіс – тәсілдері  басшылыққа алу.                                

    Мектептің әдістемелік жоспарына сай ІІ деңгейлі сертификатталған география пәнінің мұғалімі Қасымжанова Айдана Несіпбекқызы және химия пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Раимова Айдана Бакытжановна жас мамандармен, педагог-зерттеуші мұғалімдер және мектеп тренерлерімен «Тиімді әдіс тәсілдер» тақырыбында   коучинг өткізді.

  

     Білім сапасын арттыру мақсатында 1 тоқсан білім сапасының қорытындысы бойынша төменгі сапа көрсеткен сыныптармен  пән мұғалімдері жұмыстар жүргізді.

 

     2022-2023 оқу жылындағы білім алушыларының өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша «Табиғат әлемі» биология, химия, география пән бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары құрылды. 

Оқушылардан алынған бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір мұғалім жұмыс  жоспары әзірленді. 

      Барлық сыныптар бойынша  білімінде олқылығы бар оқушылар анықталып, тізімделді. Бір жылға арнап жасалынған оқу мақсаттары кіріктірілді, жоспар талапқа сай жасалынды. Қосымша сабақ кестесі мен оқушы жұмыстары жүйеленді. 

Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру. Міне пән мұғалімдері осы ұстанымдарды қолдана отырып жоспарға сәйкес ашық сабақтарын, сыныптан тыс іс-шараларын өткізді.



Іс-шаралар түрі

Сынып

Мерзімі

Жауаптылар

1

Апталықтың ашылуы

8-11

10.10.2022ж

Пән мұғалімдері

ӘБ жетекшісі

2

«Закономерности рапростронения минеральных ресурсов в Казахстане»

9 «Г»

10.10.2022ж

6 сабақ

І ауысым

Якупова М.А.

3

«Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі»

8 «Б»

10.10.2022ж

6 сабақ 

І ауысым 

Ибраимова Б.Қ.

4

«Строение и функции зубов, смена молочных зубов на постоянные. Гигиена зубов»

8 «В»

11.10.2022ж

1 сабақ

І ауысым

Джанабердиев М.М.

5

«Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы»

7 «А»

11.10.2022ж

3 сабақ

2 ауысым

Қасымжанова А.Н.

6

«Агрегатное состояние вещества»

7 «Г»

12.10.2022ж

7 сабақ

2 ауысым

Таипова Г.А.

7

«Химияның негізгі стехиометриялық заңдары»

10 «А»

13.10.2022ж

2 сабақ

І ауысым

Раимова А.Б.

8

«Материки и океаны»

6 «В»

18.10.2022ж.

6 сабақ

ІІ ауысым

Ливирова Б.А.

9

«Азық түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар»

7 «А»

19.10.2022ж

4 сабақ

ІІ ауысым

Альдибекова М.А.

10

 «Дәрумендер және олардың маңызы»

8 «А»

20.10.2022ж

1 сабақ

І ауысым

Нургуджаева А.Т.

11

«Күз ғажайыптары» жәрмеңке

6-8

сыныптар

14.10.2022ж

12.30

Нургуджаева А.Т.


12

«Химияның қызығы» атты сиқырлы тәжірибелер

8 сыныптар

17.10.2022ж

12.30

Таипова Г.А.

13

«Менің мамандығым – менің болашағым» атты саяхат сабақ

9 сыныптар

18.10.2022ж

14.00

Джанабердиев М.М.

14

Экологиялық форум

6 «А,Б»

сыныптар

18.10.2022ж

12.30

Мусапирова Б.

15

«Занимательная география»

/игра-конкурс/

 6,7 сыныптар

19.10.2022ж

12.30.

Ливирова Б.А.

Якупова М.А.

16

«Табиғат – асыл арна бұлағымыз, Жер-Ана, Туған өлке – тұрағымыз» атты мектеп ауласын тазалау шаралары. Онкүндіктің жабылуы.

8-10 сыныптар

21.10.2022ж

14.30

Ибраимова Б.Қ.

Қасымжанова А.Н.



     Онкүндіктің жоспары алдын-ала оқушылар мен ұстаздарға хабарланды. Онкүндіктің ашылуынан үзінді:

  

  


  


 

1. Якупова М.  9 «Г»сыныбымен   «Закономерности рапростронения минеральных ресурсов в Казахстане» тақырыбында  сабақ өтті. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытуда тапсырмалар берген кезде дескрипторлар мен бағалау критерийлер құрылды. Сабақ соңында кері байланыс болды. 


2. Ибраимова Б.Қ.   8 «Б» сыныбымен  «Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі» тақырыбында  сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы күнтізбелік жоспарға сәйкес, оқу мақсаты ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес. Сабақтың басталуы алдымен көңіл күйдің дұрыс жолға қойылуынан, көңілді орнықтырып, шабыттандырудан басталдыСабақ методикалық талапқа сай өтілді. Оқушылар белсенділік танытты.  

    

3. Джанабердиев М.М. 8 «В»  сыныбымен «Строение и функции зубов, смена молочных зубов на постоянные. Гигиена зубов»  тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы күнтізбелік жоспарға сәйкес, оқу мақсаты ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес. Мұғалім сабақты  көңіл-күй тренингі арқылы бастады. Сабақ барысында тапсырмалар дескриптор арқылы орындалып, бағалау, кері байланыс жүргізілді.

 


4. Қасымжанова А.Н.  7 «А» сыныбымен  «Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы»  тақырыбында сабақ өтті.  Сабақтың тақырыбы күнтізбелік жоспарға сәйкес, оқу мақсаты ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес. Сабақта тапсырмалар дескриптор арқылы орындалып, қалыптастырушы бағалау тапсырмасы алынып, кері байланыс жүргізілді.

  


  


5. Таипова Г.А. 7 «Г»  сыныбымен «Агрегатное состояние вещества» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы күнтізбелік жоспарға сәйкес, оқу мақсаты ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес. Мұғалім сабақты  жағымды атмосфера орнатумен  бастады. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында судың 3 агрегаттық күйін көрсетті. Сабақ барысында тапсырмалар дескриптор арқылы орындалып, қалыптастырушы бағалау тапсырмасы алынып, кері байланыс жүргізілді. 

6. Раимова А.Б. 10 «А» сыныбымен «Химияның негізгі стехиометриялық заңдары»  тақырыбында   сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы күнтізбелік жоспарға сәйкес, оқу мақсаты ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес. Мұғалім «Рандом шеңбері» арқылы сабақты жағымды ахуал қалыптастырумен бастады. Оқушылар «Джонстон үшбұрышы» әдісі арқылы топтық жұмыс жасады. Оқушылар сабақта белсенділік танытты. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау тапсырмасы алынып, бағалау, кері байланыс жүргізілді. 


7. Нургуджаева А.Т. 8 «А» сыныбымен  «Дәрумендер және олардың маңызы» тақырыбында сабақ өтті. Оқушылардың үй тапсырмасына дайындықтары өте жақсы бір-бірімен жарыса жауап қайтарып отырды. Жаңа тақырыптың мақсат-міндеті айқындалып оқушыларға түсіндірілді. Оқушылар рөлдік ойын ойнады.  «Дәрумендер және олардың маңызы» туралы мектеп медбикесі баяндама оқыды. Сабақ соңында рефлексия жасалынды.

    


       Альдибекова М.А. белгілі себептермен ашық сабағын өткізбеді. Ал, Ливирова Б.А. денсаулығына байланысты демалыста (больнияныйда) болды.

       Бірлестік мұғалімдері жоспарлы түрде сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Әр іс-шараның тәрбиелік мәні өте зор болды. Сынып оқушылары белсенділікпен қатысып, өз білімдерін  көрсетті.

Сыныптан тыс іс-шаралардан үзінді: 

 

  

 

      Онкүндіктің қорытынды кеші өз деңгейінде жақсы өтті, апталыққа оқушылар белсенді түрде қатысты.

Биология, химия, география пәндерінің онкүндігі мектеп оқушыларының зейіні мен білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында түрлендіріліп өткізілді. Онкүндік кезінде мектептің жас мамандары тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты. Өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Онкүндік өз деңгейінде өтті. Білімді де сапалы, саналы заман талабына сай жас жеткіншектерді білімді, алғыр, еліміздің нағыз ұлтжанды азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеуде химия, биология пәндерінің алатын орны зор. Сондықтан қазіргі заманауи техниканы тиімді пайдаланып ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарды мейлінше қызықты етіп өткізуге бар күш жігерімізді салдық. Осындай онкүндіктер жиі өткізіліп тұрса оқушы бойында өз ағзасында болып жатқан құбылыстарды түсінуге, табиғатты аялауға деген құштарлығы басым болар еді.

Химия, биология  пән бірлестігінің  2022 – 2023 оқу жылындағы 1 жарты жылдықта атқарылған жұмыстарына қорытынды

Оқушының аты-жөні

Конкурс атауы, нәтижесі

Жетекшісі

Мұғалімнің аты-жөні, марапаттары

Республикалық конкурстар

1

Сайлаухан Айзере

Республикалық «Жарқын болашақ» байқауының жас зерттеушілер номинациясы бойынша жеңімпазы, ІІ дәрежелі диплом. 2022жыл


 


Раимова А.Б.

Раимова А.Б. 2022ж, Республикалық «Жарқын болашақ» байқауы, алғыс хат


 

2

Мұқаш Анар

«Алтын қыран – ерекше дарын иесі» жалпы білім беретін пәндердің жаратылыстану – математикалық бағыты бойынша химия пәнінен республикалық зияткерлік олимпиада, сертификат, 2022 жыл 


 


Раимова А.Б.


3

Полатова Тасним

Республикалық «Жарқын болашақ» байқауының жас зерттеушілер номинациясы бойынша жеңімпазы, ІІ дәрежелі диплом. 2022жыл

 

Ливирова Б.А.

Ливирова Б.А. 2022ж, Республикалық «Жарқын болашақ» байқауы, алғыс хат


 

4

Хелил Руфина

Республикалық «Жарқын болашақ» байқауының жас зерттеушілер номинациясы бойынша жеңімпазы, ІІ дәрежелі диплом. 2022жыл

 

Якупова М.А.

Якупова М.А. 2022ж, Республикалық «Жарқын болашақ» байқауы, алғыс хат

 

Аудандық конкурстар

1

Хелил Руфина

9-11 сынып оқушыларының «Дарын» респубикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі, І дәрежелі диплом, 2022 жыл

 


Аудандық білім бөлімінің грамотасы

Нургуджаева А.Т;

Джанабердиев М.М;

Якупова М.А;

Таипова Г.А.

2022 жыл

2

Нурдавлет Каусар

5-6 сынып оқушыларына арналған Жетісу дарыны олимпиадасының аудандық кезеңі, ІІ дәрежелі диплом, 2022 жыл

Ибраимова Б.Қ.



SWOT – талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • пән бірлестігінде 11 мұғалім бар.  Педагог-зерттеуші - 2, педагог-сарапшы – 4, педагог модератор-3.
  • білім сапасы: биология – 69%, 

химия – 66,6%, география – 67,6%;

  • даму жоспары бойынша жұмыс жасалуы;
  • ОМЖ, ҰМЖ жоспарын күнделікті пайдалануы;
  • мұғалімдердің жаңартылған білім мазмұнын игеру барысында бірқатар дағдыларды қалыптастыруы; 
  • формативті бағалауды қолдану; 
  • мұғалімдердің оқушы білімін жетілдіру барысында критериалды бағалауды дұрыс қолдана алмауы; 
  • газет-журналға, ғаламторға  материалдар  жарияламауы;
  • кейбір мұғалімдердің  жауапкершіліктерінің  төмендігі;
  • үлгерімі төмен оқушымен жұмыстың әлсіздігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

- даму жоспарына орай жұмысты жүйелі жүргізу;

- жекелеген пәндер бойынша авторлық бағдарлама дайындау;

- тәжірибелі мұғалімдердің облыс, республика деңгейінде тәжірибелерін тарату;

- кәсіби байқаулардың барлық түрлерінен жүлделі орындарға ие болу;

- жекелеген пәндер бойынша білім сапасын көтеру;

- оқушылардың пәнге қызығушылығының артуы, деңгейінің көтерілуі;

- жекелеген пәндер бойынша авторлық бағдарламаның болмауы;

- тәжірибелі мұғалімдердің аудан деңгейінде тәжірибелерін таратуы;

- кәсіби байқауларда (Жыл мұғалімі, Үздік педагог т.с.с.) жүлделі орындарға ие болмауы;

- оқушылардың пән бойынша алған білімдерін өмірде қолдана алмауы.







Пән бірлестігінде 11 мұғалім бар.  Педагог-зерттеуші – 2,  педагог-сарапшы - 4, педагог-модератор – 3, педагог – 1, жалпы - 1. 2 мұғалім бала күтіміне байланысты демалыста.