Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар » Дінмұхамед Қонаев мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
16
февраль
2022

Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

                                                                                                                   Қазақстан  Республикасы  

Білім және ғылым министрлігінің Білім      және  ғылым         саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

                                                                                                                   төрағасының        2021                                                                                   жылғы  

10 қыркүйектегі № 700 бұйрығына қосымша



Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру  және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

1-тарау. Жалпы ережелер 


  1. Осы Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң),  «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124  бұйрығына (бұдан әрі – Бағалау өлшемшарттары) және басқа да білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерін регламенттейтін білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
  2. Әдістемелік ұсынымдар білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру мен өткізу кезіндегі бірыңғай тәсілді және ашықтықты қамтамасыз етуге арналған.  
  3. Білім беру қызметін өзін-өзі бағалау (бұдан әрі – өзін-өзі бағалау) жүргізу кезінде зерделеудің негізгі бағыттары мен объектілері болып мыналар табылады:  
  4. білім беру ұйымдарының мақсаты, міндеттері мен құндылықтары;
  5. оқытушылық және оқыту;  
  6. білікті қызметкерлердің болуы;
  7. қолжетімді білім беру үшін жағдай жасау;
  8. білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  9. тиімді оқытуға ықпал ететін материалдық-техникалық база.

4. Білім беру ұйымдарын өзін-өзі бағалау ұсынылатын білім беру қызметтерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) жалпы талаптарына:

  1. оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім беру мазмұнына қойылатын талаптарға;
  2. білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне;
  3. білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) дайындық деңгейіне; 4) оқу мерзіміне сәйкестігін талдау жолымен жүзеге асырылады.   

5. МЖМБС жалпы талаптарын талдау кезінде Бағалау өлшемшарттары пайдаланылады.


2-тарау. Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын   ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдар


  1. Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын төрағаны қоса алғанда, білім беру ұйымының кемінде бес (тақ саны) қызметкерінен тұратын  комиссиямен жүргізу ұсынылады.

Комиссия төрағасы болып білім беру ұйымының бірінші басшысын анықтау ұсынылады.  

  1. Комиссия төрағасы білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауын жалпы жоспарлауды және оған басшылықты жүзеге асырады.

Төраға Бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім беру ұйымының            өзін-өзі бағалауын жүргізу бойынша нақты тапсырмаларды комиссия мүшелері арасында бөледі.

  1. Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы жыл сайын жүргізіледі, бұл ретте білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ескере отырып, бағаланатын кезең толық оқу жылы болып табылады. 

Алдыңғы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау болып табылмайтын білім беру ұйымдарының жыл сайынғы өзін-өзі бағалауы Бағалау өлшемшарттарының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сауалнама рәсімінсіз, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, әскери, арнаулы оқу орындарындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу нәтижелеріне бағалау жүргізбей өткізіледі.

  1. Бармай        профилактикалық         бақылаудың           алдындағы  білім  беру

ұйымдарының өзін-өзі бағалауын жүргізу кезінде Бағалау өлшемшарттарының              3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұрын өткен төрт оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы осы бақылау басталғанға дейінгі бір ай бағаланатын кезең болып табылады.

  1. Бармай профилактикалық бақылау алдындағы білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы келесі кезеңдерден тұрады:
  2. білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын жүргізу жөніндегі педагогикалық кеңесті (ғылыми кеңесті) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жоспарланған мерзіміне дейін екі айдан кешіктірмей ұйымдастыру;
  3. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті органмен айқындалған тестілеу мәселелері жөніндегі (тест тапсырмаларын қалыптастыру үшін) ұйымға оқу нысандары мен оқыту тілдері бойынша бітіруші сыныптардың және курстардың білім алушыларының контингенті туралы дұрыс мәліметтерді, оның ішінде білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау басталғанға дейін он күн бұрын оқу нәтижелеріне бағалау жүргізу кестесін ұсыну;
  4. комиссияның осы Әдістемелік ұсынымдардың 13-тармағында көрсетілген әдіспен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, оқыту нәтижелерін бағалауды анықтауы;  
  5. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, осы Әдістемелік ұсынымдардың 13-тармағында көрсетілген әдіспен оқыту нәтижелерін бағалау жүргізген жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне (олардың құзыреті шегінде) олардың қызметкерлерінің байқаушы ретінде қатысуы үшін қолдаухат жолдау;  
  6. өздерімен әзірленген тест тапсырмалары бойынша оқыту нәтижелерін бағалау жүргізілген жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне (олардың құзыреті шегінде) олардың қызметкерлерінің байқаушы ретінде қатысуы үшін қолдаухат жолдау (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін);
  7. комиссияның Бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауын жүргізуі;
  8. комиссияның тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдеріне) сауалнама жүргізуі (мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін);
  9. комиссияның білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы қорытындыларын шығаруы.

11. МЖМБС бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын немесе білім беру бағдарламаларын меңгеру бойынша білім алушылардың даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындау үшін жоғары оқу орнынан кейінгі докторантураны қоспағанда, 4, 9, 11-сыныптардың және бітіруші курстардың білім алушылары арасында оқыту нәтижелеріне бағалау жүргізіледі.

Білім беру ұйымында бітіруші сыныптар мен курстар болмаған жағдайда, оқыту нәтижелерін бағалау жоғары сынып және курс білім алушыларымен өткен оқу материалына сәйкес жүргізіледі.

Әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (докторантураны қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітіруші курстардың (олар болмаған жағдайда – жоғары курстардың) білім алушылары арасында оқыту нәтижелеріне бағалау жүргізу үшін қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар білім беру саласындағы уәкілетті органмен айқындалған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымға білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы басталғанға дейін бір ай бұрын базалық және бейіндеуші циклдерге кіретін пәндер тізбесін ұсынады.

Аталған пәндер тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқыту нәтижелерін бағалаудың орнына тәрбиеленушілердің оқу жылы ішіндегі жетістіктеріне мониторинг жүргізіледі (біліктер мен дағдылардың диагностикасы). Білім беру ұйымдарымен жүргізілген тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторинг деректерінің сәйкестігін айқындау үшін ата-аналарға (заңды өкілдерге) сауалнама жүргізіледі.

  1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, әскери, арнаулы оқу орындарындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқыту нәтижелерін бағалау Бағалау өлшемшарттарының             4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу) технологиясы бойынша жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқыту нәтижелерін бағалау Бағалау өлшемшарттарының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес электронды немесе қағаз түрінде кешенді тестілеу (бұдан әрі – тестілік бақылау) технологиясы бойынша жүргізіледі.

  1. Компьютерлік тестілеуді комиссия білім беру ұйымының басшысы бекіткен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен айқындалған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйым басшысымен келісілген кестеге сәйкес:
  2. қажетті жабдықтармен жарақтандырылған және тестілеуді тұрақты және үздіксіз өткізу үшін жағдай жасалған кезде (компьютерлік сынып, бейнебақылау камералары, интернет, онлайн-трансляциялар)  білім беру ұйымдарының;  
  3. компьютерлік сыныптармен жарақтандырылған, оның ішінде интернеті бар және тестілеу өткізу үшін ең аз қажетті жағдайлар жасалған кезде білім беру ұйымдарының;
  4. флеш-жинақтағышты    қосу  үшін  USB-порт   арқылы           тестілеу

бағдарламасын орната отырып, шағын жинақталған білім беру ұйымдарының;  

  1. флеш-жинақтауышты қосу үшін USB-порт арқылы тестілеу бағдарламасын орната отырып, әскери, арнаулы оқу орындарының базасында өткізеді.

14. Компьютерлік          тестілеу      осы    Әдістемелік  ұсынымдардың             13-тармағында көрсетілген әдістердің бірімен өткізілген жағдайда компьютерлік тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелерінің байқаушы ретінде қатысатын және өткізілген компьютерлік тестілеудің аудио-, бейнежазбасын жүргізетін қызметкерлерінің қатысуымен өткізіледі.   

               Байқаушылар          Бағалау          өлшемшарттарының               4-тармағының             

4) тармақшасына сәйкес компьютерлік тестілеуді ашық және объективті жүргізу мақсатында қатысады.

Тестілік бақылау Бағалау өлшемшарттарының 4-тармағының             4)  тармақшасына сәйкес тестілеуді ашық және объективті жүргізу мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелерінің байқаушы ретінде қатысатын және өткізілген компьютерлік тестілеудің аудио-, бейнежазбасын жүргізетін қызметкерлерінің қатысуымен өткізіледі.  

  1. Оқыту         нәтижелерін         бағалау       Бағалау           өлшемшарттарының             4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес оған жататын контингенттің тізімдік құрамынан білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) кемінде 90 %-ы тестілеуге қатысқан кезде (бітірушілердің жалпы саны 10 немесе одан аз білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) құрайтын білім беру ұйымдары үшін – кемінде 80 %) жүргізіледі.

Білім алушылардың кемінде 90 %-ы қатысқан жағдайда (бітірушілердің жалпы саны 10 немесе одан аз білім алушыларды құрайтын білім беру ұйымдары үшін – кемінде 80 %) компьютерлік тестілеу немесе тестілік бақылау комиссияның және байқаушылардың келісімі бойынша басқа күнге ауыстырылады.  

Оқыту нәтижелерін бағалауға жататын білім алушылардың жалпы санынан компьютерлік тестілеуге немесе тестілік бақылауға дәлелсіз себептермен білім алушылардың 10 %-дан астамы қайта келмеген жағдайда (бітірушілердің жалпы саны 10 немесе одан аз білім алушыларды құрайтын білім беру ұйымдары үшін 20 %-дан астамы), комиссия жоқ болған білім алушылардың ведомостарына «0» балл қояды.

Дәлелді себептерге мыналар жатады: денсаулық жағдайы бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының болуы; жақын туыстарының қайтыс болғанын растайтын құжаттардың болуы; төтенше жағдайлар.

  1. Компьютерлік тестілеуге немесе тестілік бақылауға келген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, әскери, арнайы орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (докторантураны қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларының  өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты не он алты жасқа толмаған тұлғалар үшін туу туралы куәлігі болуы қажет.  

Білім  алушыларды        комиссия    бақылаушылардың  қатысуымен компьютерлік сыныпқа немесе оқу сыныбына (аудиторияға) бір-бірден кіргізеді, бұл ретте тестіленуші тұлғаның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін тестіленетін тұлғалардың жеке басын сәйкестендіру білім алушылардың жеке істері негізінде жүргізіледі.

Компьютерлік сыныпқа немесе оқу сыныбына (аудиторияға) кіргізу барысында бөгде тұлға анықталған кезде, компьютерлік тестілеу немесе тестілік бақылауға жататын білім алушының ведомосына «0» балл қойылады.

  1. Компьютерлік тестілеу және тестілік бақылау нәтижелерін өзін-өзі бағалауды жүргізу комиссиясы төрт балдық жүйе бойынша бағалайды.
  2. Инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуге қажеттілігі бар балалар компьютерлік тестілеу рәсімінен, оның ішінде тестілік бақылаудан босатылады     және  психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде оқыту нәтижелерін бағалауға жататын білім алушылар контингентінің тізімдік құрамына енгізілмейді.
  3. Компьютерлік тестілеу нәтижелері сыныптар мен курстар, сондай-ақ бағыттар бойынша ведомостар түрінде беріледі.

Тестілік бақылау нәтижелері курстар, сондай-ақ мамандықтар бойынша хаттама түрінде беріледі.

  1. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) сауалнама жүргізу білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауын жүргізуі кезеңінде жүргізіледі. Комиссия тәрбиеленушілердің шеберлігі мен дағдыларын айқындау үшін Бағалау өлшемшарттарының 6-қосымшасына сәйкес сауалнама нысанын бітіруші топтардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) таратады. Білім беру ұйымында мектепалды     жастағы      топтар           болмаған    жағдайда    сауалнама   Бағалау өлшемшарттарының 7-қосымшасына сәйкес ересек жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) жүргізіледі. Ата-аналар (заңды өкілдер) сауалнаманы дербес толтырады және комиссияға береді. Білім беру ұйымы атааналар (заңды өкілдер) арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді және комиссияның респонденттің байланыс деректерін міндетті түрде толтыра отырып, сауалнамаларын толтыруды және жіберуді қамтамасыз етеді.
  2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері (машықтар мен дағдылар диагностикасы) Бағалау өлшемшарттарының 4-тармағының 10) тармақшасына сәйкес айқындалады.  

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері Бағалау өлшемшарттарының             4-тармағының 11) тармақшасына сәйкес айқындалады.  

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың         дайындық   деңгейін  бағалау       нәтижелері  Бағалау өлшемшарттарының 4-тармағының 12) тармақшасына сәйкес айқындалады.  

Әскери және арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (докторантураны қоспағанда) білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері Бағалау өлшемшарттарының 4-тармағының             13) тармақшасына сәйкес айқындалады.  

Компьютерлік тестілеу және тестілік бақылау қорытындылары бойынша апелляция рәсімі көзделмеген.

  1. Компьютерлік тестілеу және тестілік бақылау кезінде білім алушыларға өз білімдері, іскерліктері мен дағдыларының деңгейін көрсету үшін бірыңғай жағдайлар мен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында білім алушыларға сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, көшіруге, шпаргалкалар, оқулықтар және басқа да әдістемелік әдебиеттер, калькулятор, фотоаппарат, мобильді байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон, планшет, смартфондар және т.б.), ноутбуктер, плейерлер, модемдерді (мобильді роутерлер) компьютерлік сыныпқа (аудиторияға) кіргізуге және қолдануға, радиоэлектрондық байланыстың кез келген түрлерін (Wi-Fi), Bluetooth, Dect, 3G, 4G, құлаққаптарды (сымды және сымсыз) пайдалануға, сондай-ақ, тестіленуші компьютерге қашықтан кіруге, кешенді тестілеу процесін және тест тапсырмаларын суретке түсіруге немесе бейнеге жазуға, әлеуметтік желіге салуға рұқсат берілмейді.
  2. Компьютерлік тестілеу немесе тестілік бақылау нәтижелері білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау өлшемшарттары болып табылады және өзін-өзі бағалау материалдарына тігіледі.


3-тарау. Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын қорытындылау


  1. Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы жалпы білім беру ұйымдары бойынша, оның ішінде тиісті білім деңгейіне қарай білім беру деңгейлері, мамандықтары немесе кадрлар даярлау бағыттары бойынша қорытынды түрінде ресімделеді.
  2. Өзін-өзі бағалау қорытындысының құрылымы мен мазмұны білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтерді қамтиды:
  3. білім беру ұйымының толық атауы;
  4. білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы және нақты орналасқан жерінің мекенжайы);
  5. заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электронды пошта, web-

сайт);   

  1. заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә., лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі);
  2. құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі);
  3. рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған

қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон).

26. Бағалау өлшемшарттарына қосымшаларда келтірілген сандық және сапалық көрсеткіштер негізінде қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын: 

  1. Бағалау өлшемшарттарына 8, 9-қосымшалар бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына;
  2. Бағалау өлшемшарттарына 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-қосымшалар бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына;
  3. Бағалау өлшемшарттарына 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 21,             

22-қосымшалар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына;

  1. Бағалау өлшемшарттарына 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20,             

23-қосымшалар бойынша әскери және арнаулы оқу орындарындағы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына есеп жасалады.

27. Қорытынды құрылымы мен мазмұнына сәйкес жасалады: 

  1. осы Әдістемелік ұсынымдардың 25-тармағына;
  2. Бағалау өлшемшарттарының 2-тарауының 1, 2, 3, 4-параграфтарына;  
  3. осы Әдістемелік ұсынымдардың 26-тармағына, оның ішінде білім беру ұйымының қорытындысы мен кейінгі бес жылға арналған даму перспективаларын қамтиды.
  4. Әскери және арнаулы оқу орындарындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы кезінде қосымша өлшеуіштер қолданылады және «uzdik» немесе «zhaqsy» немесе «ortasha» бағаларымен қорытындыға бағалау парағы беріледі.  

Бағалауға сәйкес келетін балл: «uzdik» – 5; «zhaqsy» – 4; «ortasha» – 3.

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бағалау өлшемшарттарына бағалау өлшеуіштері Бағалау өлшемшарттарының            1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.  
  2. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бағалау өлшемшарттарына бағалау өлшеуіштері Бағалау өлшемшарттарының            2-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бағалау өлшемшарттарына бағалау өлшеуіштері Бағалау өлшемшарттарының            3-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
  4. Бағалау өлшемшарттарына өлшеуіштерді бағалауды комиссия жүргізеді және бекітеді.
  5. Бағалау өлшемшарттарына өлшеуіштерді бағалау бойынша нәтижелерді комиссия Бағалау өлшемшарттарының 4-қосымшасына сәйкес ресімдейді.  
  6. Қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын бағалау өлшемшарттарына өлшеуіштерді бағалаудың нәтижесін комисссия Бағалау өлшемшарттарының 5-қосымшасына сәйкес бағалау парағы түрінде ресімдейді.

Бағалау өлшемшарттарына өлшеуіштер бойынша қорытынды бағаны комиссия жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы бағалар сомасының орташа арифметикалық мәні ретінде қояды.

  1. Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады.

Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

  1. Өзін-өзі бағалау қорытындысы педагогикалық кеңес немесе ғылыми кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру процесінің барлық қатысушыларының назарына жеткізіледі.
  2. Өзін-өзі бағалау қорытындысын талқылау және әдістемелік көмек алу қажет болған жағдайда, комиссияның білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен, оның аумақтық бөлімшелерімен олардың өз құзыреті шегінде бейнеконференцбайланыс жүргізуге бастамашылық жасауға мүмкіндігі бар.
  3. Білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы қорытындысының нәтижелері бойынша қамқоршылық немесе ғылыми кеңес алдында есеп береді.
  4. Білім беру ұйымы әскери және арнаулы оқу орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне өзін-өзі бағалау қорытындысын ұсынады, оның ішінде оларды бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жоспарланған мерзіміне дейін бір айдан кешіктірмей өздерінің интернетресурстарында орналастырады.
  5. Әскери және арнаулы оқу орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша қорытындыларды бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жоспарланған мерзіміне дейін бір айдан кешіктірмей білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.