ҰБТ-ға дайындық мақсатында жұмыс жоспары » Дінмұхамед Қонаев мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ-ға дайындық мақсатында жұмыс жоспары
10
ноябрь
2023

ҰБТ-ға дайындық мақсатында жұмыс жоспары

2023-2024 оқу жылында «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Д.Қонаев атындағы орта мектеп» КММ-де 11 сыныпты 51 түлек бітіреді. ҰБТ-ға дайындық мақсатында жұмыс жоспары құрылып,
45 оқушы алғашқы байқау тестілеу тапсырды.
Жаңа оқу жылында ҰБТ-да түлектерді қандай жаңа формат, өзгерістер күтіп тұрғанын зерделеу, талдау бойынша 17-қазан күні «ҰБТ өзгерістері туралы не білеміз?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс- шара барысында 2024 жылы болатын ҰБТ форматы, білім беру бағдарламалар тобы, таңдау пәндері, мамандықтар, гранттар саны, шекті балл туралы оқушылар көкейінде жүрген сұрақтар талқыланды.Оқушылар өз таңдауларын айтып, ой, пікірлерімен бөлісті. Мектеп басшысы А.Н.Нусупкожаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Имангазиева түлектердің сауалдарына жауап беріп, ҰБТ-ға дайындық бойынша бағыт-бағдар берді.
11 сынып жетекшілері Г.Оразбаева, И.Жумабаева, З.Тохтиева, А.Сарсенбаевтар дөңгелек үстел барысында оқушылар пікірін жаңа, нақты ақпараттармен толықтырып отырды. Алғашқы байқау тестілеу нәтижесі талқылынып, алдағы дайындық барысы талданды.