4, 9 сынып білім алушыларының білім жетістіктерін мониторингілеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. » Дінмұхамед Қонаев мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4, 9 сынып білім алушыларының білім жетістіктерін мониторингілеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
10
октябрь
2023

4, 9 сынып білім алушыларының білім жетістіктерін мониторингілеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.



     Жетісу облысы,Панфилов ауданы, Коктал ауылы “Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Д.Қонаев атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 4,9-сынып білім алушыларының білім жетістіктерін мониторингілеу жұмысын ұйымдастыру «ББЖМ өткізу ережелері» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығы басшылыққа алынды. Мектепте бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейінде-сәйкес білім беру деңгейінің жаңартылған МЖБС шеңберінде білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында іс-шаралар жоспары жасалды. Жалпы ББЖМ 4 және 9 сынып білім алушыларының фунционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, яғни білім мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға, сонымен қатар аналитикалық, логикалық ойлауды дамытуға бағытталған. 
    ББЖМ кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, 3 бағыт: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.
    2023-2024 оқу жылында 4, 9 сынып білім алушыларынан қыркүйек айынан бастап білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.