«Білім бастауы» қазақ бастауыш сынып бірлестігінің 2022-2023 оқу жылында I жарты жылдықта атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі » Дінмұхамед Қонаев мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Білім бастауы» қазақ бастауыш сынып бірлестігінің 2022-2023 оқу жылында I жарты жылдықта атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі
24
январь
2023

«Білім бастауы» қазақ бастауыш сынып бірлестігінің 2022-2023 оқу жылында I жарты жылдықта атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі

     Қазақ бастауыш бірлестігінде 2022-2023 оқу жылында 11 мұғалім жұмыс істейді. Бірлестіктегі мұғалімдер аталған санаттар бойынша жұмыс істеп келеді. Зерттеуші-педагог-5, сарапшы-педагог-3, модератор-1,  екінші санатта-1, жалпы-1 мұғалім жұмыс жасайды. Мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы бойынша 1 мұғалім офлайн форматта, 5 мұғалім онлайн форматта курстан өтті.  Биылғы оқу жылында мұғалімдер мен білім алушылар төмендегі кестеде көрсетілгендей жетістіктерге қол жеткізіп, мұғалімдер Алғыс хаттармен марапатталды.    

                                                                                  Байқауларға қатысу қорытындысы

                                              2022-2023 оқу жылы



Аудан

Облыс

республика

халықаралық


1

Халықаралық «Пони» сайысы




120

2

«Оқуға құштар» жобасы, «Каникулда кітап оқимыз» марафоны



6



3

«Қыс қызығы» республикалық онлайн сайыс 



1



4

«Алтын қыран-ерекше дарын иесі»  зияткерлік олимпиадасы



7



5

«Үркер» байқауы



25



6

«Жарқын болашақ» республикалық байқауы



7



7

Балалар жылына орай дзюдодан  күрес

2





8

Жалпы:

2

-

46

120



Халықаралық «Пони» сайысы 2 «А»сынып оқушылары  Қабдұлқайыр  Мадина, Жанасбек Нұртөре, Адеханқызы Толғанай 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.  


«Оқуға құштар» жобасы, «Каникулда кітап оқимыз» марафонынан 2 «А» сынып оқушысы Оспанбек Амина 1-дәрежелі дипломмен, Қабдұлқайыр   Мадина, Масан Нұрали, Нұралимов Айсұлтан 3-дәрежелі дипломмен, 3 «А» сыныбынан  Дәулетқали Бейбарыс 2-дәрежелі диплом, 3 «Б» сыныбынан Оспанбек Айша 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.



«Алтын қыран-ерекше дарын иесі»  зияткерлік олимпиадасы 3 «А» сыныбынан Роллан Айсезім 3-орын, Айтмолда Айсұлтан 3орын, Бақдәулет Аяла сертификат, 3 «Б» сынып оқушылары  Нұрым Саян 2 орын, Бауыржан Акнұр 3 орын, Магап Аңсар 3-орын, Тұмабай Еркенұр 3-орынмен марапатталды.





«Жарқын болашақ» республикалық байқауы 2 «А» сынып оқушысы Қабдұлқайыр Мадиана 1-дәрежелі диплом,  Нұралимов Айсұлтан 2-дәрежелі диплом, Дюсембай Інжу 2-дәрежелі диплом, 3 «А» сынып оқушысы Джауыншы Даниал, 3 «Б» сынып оқушысы Сембек Кәусар 2-дәрежелі диплом, Керімқожа Шалқар 2-дәрежелі диплом, Дәулеткелді Інжу 2-дәрежелі дипломмен  марапатталды. 




«Қыс қызығы» республикалық онлайн сайыс 2 «А» сынып оқушысы Бақдәулет Жәния  «Сурет салу» номианиясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен марапатталды 

2022 жыл-Балалар жылына орай дзюдодан  күрес «Панфилов ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ 3 «А» сынып оқушысы Ахметқали Әзима 1-орын, 2 «Б» сынып оқушысы    Ақан   Ақпейіл 1-орын


Аймақтық ІХ-ші  Ұлттық «Мектеп лигасы» бойынша Шахмат жарысынан 4 «А» сынып оқушысы 1-орын Керімқожа Санжар,Мектепішілік 2-10 сынып оқушылар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне ұйымдастырылған шахмат ойынына 2 «А», «Б»,3 «А», «Б»,4 «А» «Б» сынып оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды.Бастауыш бірлестік 








1-қазан қарттар күніне  орай «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» 3 –сыныптар арасында өткізілген ашық 

 тәрбие сағаты 


«Тәуелсіздік бәрінен де қымбат»атты 4 сыныптар арасында өткізілген ашық тәрбие сағаты


    1 «А»,1 «Ә»,1 «Б» сыныптарында «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ашық тәрбие сағаттары өз деңгейінде өтті.Сынып жетекшілері   Далабаева Гульмира Рақымбайқызы,Көкшибаева Жазира Нұрғалиқызы,Джадраева Дана Бейбітқызы.


«Білім бастауы» бастауыш қазақ  сыныптар бірлестігінің І -жарты жылдық  бойынша SWOT талдау


Күшті жағы:

-Бастауыш сыныптар бойынша атқарылатын  іс-шаралардың мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелердің айқындылығы;

 -Жоспарланған іс-шаралардың қолжетімділігі;

-Деңгейлік курстан өткен мүғалімнің болуы;

-Мұғалімдердің сабақта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруі, білім сапасына енгізіліп жатқан ақпараттар көзімен таныс болуы; 

-Бастауыш сынып оқушыларын аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатыстыруы

Әлсіз жағы:

-Мұғалімдер тарапынан атқарылатын жұмыстарға  критерий құру дағдысының қалыптаспауы;

-Сабақ соңында     жұмыс сапасын арттыруға көмектесетін кері байланыстың аздығы;

-Материалдық-техникалық базаның аздығы


Мүмкіндігі:

-Білім беруді дамытудың 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігі;

-Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми-ізденіс жұмыстарға тарту және дарындылық қабілеттерін арттыру     бағытындағы  жұмысты дамыту, нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі;

-Ата-аналар тарапынан қолдау көрсету мүмкіндігі;

Қаупі:

-Мұғалімдердің ЖББМ-нан курстан өткенімен сабақ өтуде дәстүрлі сабаққа ауытқып кетуі;



                                                         Бірлестік жетекші                           А.Т.Қойшыманова