"Директор сағаты" жобасы » Дінмұхамед Қонаев мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Д.Қонаев атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Директор сағаты" жобасы
26
январь
2024

"Директор сағаты" жобасы

«Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Мектепке дейінгі  шағын орталығы бар Д.Конаев атындағы орта мектеп» Управления образования Алматинской области нде жаңа тоқсанның басында бастау алған "Директор сағаты" жобасы  өтті. Мектеп директоры А.Н.Нусупкожаева "Өзін-өзі басқару" ұйымымен кездесіп, жаңа бастамалармен танысып шықты.Сөйлесу барысында  оқушылардың алға қойған мақсаттарының жүзеге асуына және жаңашылдықты тез қабылдап бет бұруға сенімді екендерін көрсетті.Мектеп министрлері әрқашанда «Өзін – өзі басқару» ұйымының  кез-келген мәселесіне жауапкершілікпен,қызығушылықпен кірісетіндіктерін нақты айтты.  Сонымен қатар мектеп жетістіктері туралы да сөз болды.
    Мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қалиева Махаббат Сүлейменқызын қабылдап, жалпы білім беру ұйымының жұмысының  айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалары туралы ұсыныстары тыңдалып, талқыланды.
    Келесі кезекте мектебіміздің  алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қарабалаев Айдын Еркінғалиұлымен  кездесіп, жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани – патриоттық тәрбие беру тақырыбында ой бөлісті.
 Сонымен қатар кездесу барысында  мектеп психологымен бірлесе отырып   ата-аналарды қабылдап, мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу жайындағы пікірлері мен ұсыныстарын талқылады.