ЕНТ-ға дайындық мақсатында жұмыс жоспары » Дінмұхамед Қонаев мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Д.Қонаев атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » ЕНТ-ға дайындық мақсатында жұмыс жоспары
10
ноябрь
2023

ЕНТ-ға дайындық мақсатында жұмыс жоспары

2023-2024 оқу жылында «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Д.Қонаев атындағы орта мектеп» КММ-де 11 сыныпты 51 түлек бітіреді. ЕНТ-ға дайындық мақсатында жұмыс жоспары құрылып,
45 оқушы алғашқы байқау тестілеу тапсырды.
Жаңа оқу жылында ЕНТ-да түлектерді қандай жаңа формат, өзгерістер күтіп тұрғанын зерделеу, талдау бойынша 17-қазан күні «ЕНТ өзгерістері туралы не білеміз?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс- шара барысында 2024 жылы болатын ЕНТ форматы, білім беру бағдарламалар тобы, таңдау пәндері, мамандықтар, гранттар саны, шекті балл туралы оқушылар көкейінде жүрген сұрақтар талқыланды.Оқушылар өз таңдауларын айтып, ой, пікірлерімен бөлісті. Мектеп басшысы А.Н.Нусупкожаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Имангазиева түлектердің сауалдарына жауап беріп, ЕНТ-ға дайындық бойынша бағыт-бағдар берді.
11 сынып жетекшілері Г.Оразбаева, И.Жумабаева, З.Тохтиева, А.Сарсенбаевтар дөңгелек үстел барысында оқушылар пікірін жаңа, нақты ақпараттармен толықтырып отырды. Алғашқы байқау тестілеу нәтижесі талқылынып, алдағы дайындық барысы талданды.